×
497.89
525.12
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
525.12
5

Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады. Ол нені білдіреді

Бүгін, 10:49
Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады. Ол нені білдіреді
Ulysmedia коллажы

Үкіметте жалпыға бірдей декларациялау жөнінде маңызды мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖЫ МИНИСТРІ НЕ ДЕЙДІ

Үкіметте баяндама жасаған қаржы министрі Мәди Такиев алғашқы үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесінен 4,8 миллион адам өткенін айтады. Оның ішінде мемлекет қызметкерлері, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары бар.

2025 жылы декларация тапсыруға тиіс 8 миллион адамды қаржы министрі декларация ұсынудан босатуды ұсынды. Олардың ішіне студенттер, үй шаруашылығындағы азаматтар, зейнеткерлер және басқа да азаматтар кіреді. Тәкиевтің айтуынша, бұл жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына әсер етеді.

“ҰСЫНЫСТЫ ҚОЛДАЙМЫН”

Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсынысты қолдап, қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындап, парламент қарауына енгізуді тапсырды.

– Қазір декларацияны 4 миллионнан астам адам тапсырып жатыр. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы азаматтардың барлық басқа санаттары декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұл халықтың алаңдаушылығын туғызды, оған мемлекет басшысы назар аударды, – деді Олжас Бектенов.

Премьер Қазақстандағы мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылғанын атап өтеді. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілген. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылған. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар.

– Мен қаржы министрінің 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарының активтері туралы декларацияларды міндетті түрде ұсынудан босату туралы ұсынысын қолдаймын, – деді Бектенов.

Декларациялауды мынадай санаттағы азаматтар үшін сақтау ұсынылады: Қазақстаннан тыс жерлерде активтері бар, жыл ішінде құны 20 мың АЕК-тен асатын сауда жасағандар (74 миллион теңге).