×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Істі болып жатқан Қарасаевтың орнына Іле ауданына жаңа әкім келді

19.11.2024, 15:24
Істі болып жатқан Қарасаевтың орнына Іле ауданына жаңа әкім келді
Коллаж

Алматы облысы Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудан басшысы болып бұрынғы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды.

“ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды” делінген хабарламада.

ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ

Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған. Әр жылдары «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

Соңғы жұмыс орны Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

ЭКС-ӘКІМ

Ауданның бұрынғы басшысы Бағдат Қарасаев 4 қыркүйекте аймаққа 204 млн теңгеге залал келтіріп, басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық схемаға тартты деген күдікке ілінген.

ӘКІМ НЕ ҮШІН КҮДІККЕ ІЛІНДІ  

Бағдат Қарасаев өзіне аффилиирленген компаниясына қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша тергеліп жатыр.

ОЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМАҒА КІМДЕРДІ ТАРТТЫ  

Бекайдаровтың айтуынша, қылмыстық схемаға Қарасаев аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартқан.