Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Түк құпия емес. Әрбіріне қоңырау шалып, білуге болады. Әрбірінің парақшасында нөмірлері тұр. Ең көп гонорарды бізде Димаш, Скриптонит, Жак Халиб, Иманбек және ИК шығар. Бұлар әлемде аты бар әншілер. Ал Қазақстан деңгейінде Садраддин бар. Ол қазір меніңше, халықаралық деңгейге кетіп барады. Найнти уан, Калифарния – бәрінде орташа чек 5 млн және одан жоғары. Бір реттік шыққандары. Ал концерттік бағдарламалары – 30 минуттық шыққандары. Садраддинде қазір бұл баға 12 млн ғой деймін, – дейді Виктория Новичкованың БЕЗ ШУМИРЫ ютуб-арнасына берген сұхбатында.
Былтыр Ulysmedia.kz танымал әншілер мен блогерлердің тұсаукесер тойдағы гонорары қанша екенін біліп көрген еді.