×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жақын танымаймын – Әшімбаев Перизат Қайрат жайлы

Бүгін, 13:06
Жақын танымаймын – Әшімбаев Перизат Қайрат жайлы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Biz Birgemiz Qazaqstan қорының ұсталған басшысы Перизат Қайрат жөнінде сұраққа жауап берді. Ол оны тым жақын танымайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘШІМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Әшімбаев түрлі іс-шараларға жиі қатысатынын түсіндірді. Ондай орындарда көп адаммен кездесетінін айтады. Сөзінше, ол Перизат Қайратпен тығыз қарым-қатынаста болмаған.  

– Мен онымен жақын таныс емеспін. Мен қоғамдық адам ретінде әртүрлі іс-шараға қатысамын. Осы іс-шараларда әр апта сайын көп адаммен кездесем. Өткен жылдары, мүмкін, ол қандай да бір іс-шараларда болған шығар, бірақ мен онымен тығыз қарым-қатынаста емеспін, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Егер кінәсі дәлелденсе, онда үкім қатаң түрде шығарылатынына сенімді.

– Яғни, бұл жерде ешкімде тергеу өте объективті, мұқият болатынына күмән болмауы керек. Олар барлық фактіні анықтайды. Егер ұрлық пен тиісті жауапкершілік болса, ол адамдар жазаланады, — деп қосты ол.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевке Перизат Қайратты таныс екенін айтқан болатын. Бейсенбаев Amanat-қа шаң жуытпайды.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Перизат Қайрат ұсталған соң әлеуметтік желіде пост жазып, қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігіне, барлық қазақстандықтарды қайырымдылық ұйымдарын мұқият зерттеуге және тек сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырды.

Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.