×
487.76
562.39
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.76
562.39
6.75

«Amanat» «Әділет» партиясымен бірігеді

Бүгін, 15:58
«Amanat» «Әділет» партиясымен бірігеді
Фото: партияның баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының ресурстарын жаңа «Әділет» партиясымен біріктіруді ұсынды. Оның айтуынша, «Amanat» үшін белгілі бір кезең аяқталып келеді, ал елге қазір «жаңа бөліну емес, біріктіруші нүктелер» қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Қошанов бұл ықтимал бірігуді елдегі «ірі трансформациялық кезеңнің» аяқталуымен байланыстырды. Ол Президенттің Қазақстан «тұрақты дамудың магистральды жолына түсті» деген сөзін еске салды. «Amanat» басшысының айтуынша, партия әрдайым елмен бірге өзгеріп келген, сондықтан қазіргі съездің маңызы ерекше.

«Партия ретінде, елмен бірге өсіп, өзгеріп келген ұйымның өмірінде де белгілі бір кезең аяқталып отыр. Сондықтан бүгінгі съезд — ерекше, шын мәнінде маңызды съезд», - деді Қошанов.

Ол партия өз міндеттерін «лайықты атқарғанын», бірақ қоғамда оның өткеніне байланысты кейбір түсініктер әлі де сақталып отырғанын мойындады.

«Ашығын айтайық, халықпен ашық әрі тікелей диалог орнатсақ та, қоғам санасында партияның өткеніне қатысты кейбір ассоциациялар мен бағалаулар әлі де бар. Бұл –  үлкен тарихы бар кез келген саяси күшке тән құбылыс», - деді ол.

Неге бірігу ұсынылып отыр?

Қошановтың айтуынша, «Amanat» уақыт талабына, мемлекет мүддесіне және қоғам сұранысына сай қадам жасауы тиіс. Ол партияға «өз тарихының жаңа парағын ашу» қажет екенін айтты.

«Бүгін елге жаңа бөлінулер емес, бірігу нүктелері қажет. Осы жауапты сәтте біз бірігіп, ресурстарымызды жаңа “Әділет” партиясымен біріктіруіміз керек», — деді «Amanat» төрағасы.

Серіктес жаңалықтары