×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Қазақстанның төрт облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның төрт облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: көрнекі сурет

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-ден бастап, Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеледі.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Атамекен ауылы);

Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

19:00-ден бастап Павлодар облысымен шекаралас жолдарда келесі бағыттар бойынша барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты, 21 қараша күні 19:00-ден бастап "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылады.

Ауа райы тұрақтанған жағдайда, шектеулер 2024 жылғы 22 қарашада сағат 07:00-де алынады деп жоспарлануда.

Жүргізушілерді жолға шықпас бұрын өңірлердегі ауа райы болжамын және жолдардағы жағдайды қадағалап отыруға шақырамыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз.

Еске салайық, кеше ҚазАвтоЖол екі облыста көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылатыны туралы шұғыл ақпарат таратқан болатын.