×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Мексикада көлік апатынан 54 адам қаза тапты

11.12.2021, 12:33
Фото: ашық дереккөз

Мексиканың оңтүстігінде жүк көлігі апатқа ұшырап, 54 адам қаза болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ABC News-тің мәліметінше, оқыс оқиға Мексиканың оңтүстігіндегі Чиапас штатында болды. Апатқа ұшыраған жүк көлігінде мигранттар болған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Чиапастың азаматтық қорғау агенттігі Twitter-де қайғылы оқиға «Чьяпа-де-Корцодағы Белисарио Домингес көпірі мен Рибера Каухареде келе жатқан екі жүк көлігінің көлік апатының салдары» деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары