×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Доллар енді 600 теңгеге дейін қымбаттай ма – Ұлттық банктің жауабы

Бүгін, 08:54
Доллар енді 600 теңгеге дейін қымбаттай ма – Ұлттық банктің жауабы
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк басшысының орынбасары Виталий Тутушкин доллардың қымбаттап бара жатқанына өте байсалды қарайтынын айтады әрі сонысын басқаға үлгі етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер одан доллардың 500 теңгеге қымбаттап кетуінің себебін әрі 600 теңге қымбаттау ықтималдығын сұраған.

– 500 – бұл тек сан. Оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500 - ертең 600... - дейді Виталий Тутушкин. 

Ол Ұлттық банктің бұған дейін таратқан сөзін қайталады. Тутушкин "теңге әлсіреген жоқ, доллар барлық әлемдік валюталарда нығайып жатыр" деп есептейді.

– Ең маңызды фактор – әлемдегі доллар нығайып барады. Егер теңге мен еуро бағамының ара-қатынасын қарастыратын болсақ, ол азды-көпті тұрақты. Ал долларға қатысты – иә. Себебі америкалық валютаның жаһандық нығаюы жүріп жатыр, - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

ҰБ БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бұған дейін теңге әлсіреуіне байланысты түсінік беріп, оны нығайтуға бағытталған шаралар туралы айтып берген еді. Оның сөзінше, соңғы уақытта теңгенің әлсіреуіне ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы әсер еткен.