×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Кремль өршелене түсті: Днепрге соққымен ядролық қаруды қолдана алатынын ескертті – CNN

Бүгін, 10:06
Кремль өршелене түсті: Днепрге соққымен ядролық қаруды қолдана алатынын ескертті – CNN
ua.depositphotos

Ресей Днепрге шабуыл жасаған баллистикалық зымыран қырғи қабақ соғыс кезінде де қолданылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы шетелдік басылымға сілтеме жасап.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Днепрге соққы зымыранның ауқымына қарамастан ядролық ескерту болды. CNN-ге берген сұхбатында Ослодағы ядролық жобаның докторлық ғылыми қызметкері Фабиан Хоффман осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, құрлықаралық баллистикалық зымыран мен зымыранның басқа түрлерінің арасындағы негізгі айырмашылық – тек едәуір үлкен диапазонында. Бірақ зымыранның жүктемесі маңызды фактор саналады.

Днепрге шабуыл жасаған зымыран MIRV типті жүктемеде болған. Қарудың бұл түрі қырғи қабақ соғыс кезінде бірнеше ядролық зарядтарды әртүрлі мақсаттарға жеткізу үшін жасалған.

– MIRV-тің мүмкіндіктері тек ядролық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті зымырандармен байланысты болды. Ресейлік қару арсеналындағы бірде-бір зымыран жүйесі бұл технологияға ие емес. Зымыранның нақты ауқымына қарамастан, хабарлама кез келген жағдайда ядролық қауіпке бағытталған, - деп атап өтті Хоффман.

ДНЕПРГЕ СОҚҚЫ

21 қарашада Украина күштері Ресейдің Днепрге және оның айналасына зымыранмен соққы жасағанын хабарлады. Соққы кәсіпорындар мен маңызды инфрақұрылымға зақым келтірген.
 Украина тарапы Астрахан облысынан атылған ракета – құрлықаралық баллистикалық зымыран деп болжаған.

Кейін CNN анонимді америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Ресейдің 21 қарашада Днепрге соққы беру үшін қолданған зымыраны құрлықаралық емес, орта қашықтықтағы эксперименттік баллистикалық зымыран екенін хабарлады. Дереккөздің айтуынша, АҚШ Ресейдің эксперименттік зымыранды қолдану мүмкіндігі барын білген. Вашингтон Украина мен басқа елдерге ықтимал қауіп барын алдын ала ескертіп отыр.

ПУТИННІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинамен арада болып жатқан соғысқа қатысты шұғыл мәлімдеме жасап, қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген еді. Ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағалғанын айтты. Оның сөзінше, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

ТОҚАЕВТЫҢ ШҰҒЫЛ ТАПСЫРМАСЫ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевн премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.