×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Киевке жасалып жатқан әуе соққылары елшілікке жиі естіледі – Дархан Кәлетаев

Бүгін, 12:07
Киевке жасалып жатқан әуе соққылары елшілікке жиі естіледі – Дархан Кәлетаев
Коллаж Ulysmedia.kz

Украинада Қазақстанның елшілігінде 1789 ҚР азаматы тіркелген. Бұндай деректі Ulysmedia.kz порталына Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев берді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елші ұсынған мәліметке сай, 2024 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің консулдық есебінде 1789 ҚР азаматы тіркелген, оның ішінде тұрақты консулдық есепте – 1193, уақытша консулдық есепте – 596 ҚР азаматы тұр.

Дархан Кәлетаевтың сөзінше, ел азаматтарынан эвакуацияға байланысты өтініш түспеген.

“Қазақстан азаматтарынан Украинадан эвакуациялауға қатысты Елшілікке өтініштер түспеген. Қазіргі уақытта Елшілік Украина аумағында жүрген 300 ҚР азаматымен байланыс орнатқан” деді ол.

Сондай-ақ ол Украинада артиллериялық шабуылдар мен әуе шабуылдарының жиілеп кетуіне байланысты 2024 жылғы 20 қарашада ҚР-дың Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік мақсатында белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарға жақын жерлерден кету немесе Украинадан шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын атап өтті.

Ulysmedia.kz тілшісі соңғы кездері жағдайдың шиеленісе түсуінен ел астанасындағы ахуал қалай болып жатқанын сұрағанында, Дархан Кәлетаев Киевке дроннан жасалып жатқан әуе соққылары елшілікке жиі естілетінін жеткізіп, онлайн сұхбат бермейтінін айтты.

ЕСКЕРТУ

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Украина аумағындағы Қазақстан азаматтарына арнап үндеу жариялаған

Сондай-ақ АҚШ Киевке ауқымды шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескерткен.

Кеше Украинадағы жағдайдың күрделене түсуіне байланысты Қазақстан президенті негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.

Ресей Украинаның Днепр қаласына жасаған әуе жабуылдарында жаңа «Орешник» зымыранын қолданғанын, онымен шабуыл жасарда АҚШ-қа ескерткенін мәлім еткен.