Павлодар облысының Железин ауданында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Кәмелетке толмаған қыз баланы 2018 жылы асырап алған отбасынан алып келді. Қыз баланы медициналық жоспарлы тексеру кезінде мұндай факт (зорлық-зомбылық) болғаны анықталды. Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, асырап алушы отбасында тұрғанда асырап алушы ата-анасы тарапынан жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасалған", – деді облыстағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева ӨКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, отбасында бес бала болған, асырап алған ата-аналар оларды балалар үйіне қайтаруды жоспарлаған. Айтуларынша, олар “тыңдамай, мінез көрсеткен".
Полиция күдіктінің жеке басын анықтағанын айтты..
"Бұл факт бойынша полицияға жүгінгенін білгеннен кейін ол өзін-өзі өлтірді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", – деп толықтырды полиция.
Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды