×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Астананың үстінен жойғыш ұшақтар ұшып өтті

24.11.2024, 18:29
Астананың үстінен жойғыш ұшақтар ұшып өтті
Видео кадры

Астана тұрғындары елорданың әуе кеңістігінде бірнеше жойғыш ұшақтың ұшып өткенінің куәсі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға куәгерлері қаланың әр тұсынан бұл жайтты видеоға түсіріп алған. Әуе қорғанысының жойғыш техникалары қаланың үстімен айналып ұшып өтті. Олар астананың оң және сол жағалауында да байқалды.

Кадрлардан ұшақтардың артында шұбатылған түтін қалғаны анық көрінеді.

Еске сала кетсек, 23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы жойғыш ұшақтары ұшатынын хабарлағанбыз.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетіні ескертілген. Министрлік сендіргендей, жойғыш ұшақтардың ұшуы қауіпсіз биіктікте өтеді және қала өмірінің әдеттегі ырғағын бұзбайды.