×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тұман, көктайғақ, жел. Алдағы үш тәулікте қандай ауа райы күтіп тұр

Бүгін, 13:03
Тұман, көктайғақ, жел. Алдағы үш тәулікте қандай ауа райы күтіп тұр
Ulysmedia/ЖИ

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған жалпылама ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз елдің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады.

Республика бойынша тұман және желдің күшеюі 15-20 м/с, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін болады деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.