×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

АҚШ-та торнадо салдарынан 70-тен астам адам қаза болды

12.12.2021, 12:21
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Кентукки штатында болған торнадо салдарынан 70-тен астам адам қаза болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

cnn.com-ның мәліметінше, Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир қаза тапқандар саны 100-ден асуы мүмкін деп болжайды.

«Бұл біздің мемлекет тарихындағы ең жойқын торнадо болды... Қирау деңгейі мен бұрын көрген торнадоларға ұқсамайды», - деді ол.

Мейнфилд қаласы қатты зардап шекті. Сонымен қатар, жойқын дауыл ішінде 110-ға жуық адам болған шам зауытының шатырын құлатты. Сонымен қатар, желдің салдарынан батыс штатта жүк пойызы рельстен шығып кеткен.

Теннесси штатында дауыл кем дегенде үш адамның өмірін қиды. Арканзастың солтүстігіндегі қарттар үйінде торнадо ғимараттың шатырын қиратып, кем дегенде бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Дауыл Иллинойс, Миссури және Миссисипи штаттарында да тіркелді.

Серіктес жаңалықтары