×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сәтқалиев қазақ тіліндегі сұраққа жауап беруден бас тартты

Бүгін, 15:04
Сәтқалиев қазақ тіліндегі сұраққа жауап беруден бас тартты
Ulysmedia

Ulysmedia.kz тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылардың жайы жөнінде сұрақ қойған. Жауапты қазақ тілінде жауап беруді өтінген. Министр жауап беруден бас тартты. 

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

– Министр мырза, жаңа отырыста Жаңаөзендегі ереуіл жайлы сұрақ қойылды. Олардың наразылықта тұрғанына 10 күннен асып кетті. Мұндай ереуіл бұрын да болған, бүгін де болып жатыр. Сіз сол жұмысшылардың талаптарымен таныссыз ба? Дауды неге реттей алмай отырсыздар? Жұмысшылар қазақ тілді болғаннан кейін қазақ тілінде жауап беруіңізді өтінеміз, – деп сұралды министрден.

Сәтқалиев ҚМГ басшысының жауабына алып-қосары жоқтығын айтты.

– Алып-қосарым жоқ. ҚазМұнайГаз басшысы жауап берді. Олар жұмыс жүргізіп жатыр. Энергетика министрлігінің құзіретіне кірген кезде біз сізге жауап береміз, – деді ол.

Журналист осы кезде “ысырыпсалды жауап беріп тұрсыз, қазақша жұмысшыларға нақты жауап беріңізші” деп қайта сұраған. Бір емес, бірнеше рет сұрақты қайталауға да тура келді. Алайда министр “мен сізге жауап бердім, сонымен рақмет” деп түйіндеді.

БЕС ТАЛАП

"Бұрғылау жұмыстары басқармасы" комнаиясының жұмысшылары басшылыққа бұған дейін бес талап қойған. Сол талаптарынан айнымаған: 

  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаздың» наразы жұмысшыларының талабына жауап берген болатын.