×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресей әскері Харьковты атқылады. Зардап шеккендер бар

Бүгін, 17:11
Ресей әскері Харьковты атқылады. Зардап шеккендер бар
Олег Синегубов/телеграм

Ресей әскері Харьков қаласының орталық бөлігін атқылап, азаматтық инфрақұрылым мен көліктерге зақым келтірді. Бұл туралы облыс әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы мәліметтер бойынша, 23 адам зардап шеккен, оның ішінде 14 адам ауруханаға жатқызылған.

«Снаряд жерге түсті. Үш автокөлік пен екі қабатты бос ғимараттың қасбеті өртенді, тұрғын үйлердің терезелері зақымдалды», – деп жазды Синегубов телеграмда.

Қала әкімі Игорь Терехов атқылау тығыз тұрғын үй массивіне түскенін атап өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, түрлі деңгейде 41 үйге зақым келген.

Харьков облысындағы Купянск қаласын да атқылады, бірнеше өрт тіркелген. Сонымен қатар, ресейлік дрондардың шабуылы байқалған.

ӨЗГЕ ШАБУЫЛДАР

Киевте 25 қарашаға қараған түні дрондардың шабуылы болған. Олардың қалдықтары Украина астанасының екі ауданынан табылған. Жергілікті жерде өрт ошақтары тіркелгенімен, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Запорожье облысында соңғы тәулікте шамамен 200 рет атқылау мен шабуыл болған. Облыстың 9 елді мекені зақымданған, деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоров. 13 жастағы бала жарақат алған, ондаған тұрғын және әкімшілік ғимараттар бүлінген.

Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні жексенбінің кешінен бері ресейлік әскерлер оннан астам облысқа шамамен 150 дрон, авиациялық бомба және зымыран қолданғанын хабарлады.

«Запорожьеге ондаған дрон шабуыл жасады. Бала жараланды. Одессаға да шабуыл жасалды, зымыран қалдықтарының құлауы салдарынан зақым келді», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, Харьковтегі атқылаудан кейінгі құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Бұған дейін Украина Ресейдің Курск облысында тамыз айындағы күтпеген шабуыл барысында басып алған жерлерінің 40%-дан астамын жоғалтқаны хабарланған.