×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

Талғар ауданында көп қабатты үй заңсыз салынған, енді оны бұзбақ

Бүгін, 13:45
Талғар ауданында көп қабатты үй заңсыз салынған, енді оны бұзбақ
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталған, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені де бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Әкімдік мәліметінше 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, сотқа жолданған.

“Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды” делінген хабарламада.

Қонаев қаласындағы оқу корпусы, «Eco-Park Alatau» ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталған. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екіуі – ТОО «Sheberbuild» және ТОО «Жаңарту» – сот шешімімен лицензиясынан айрылған.

ӘКІМ САЙЛАУЫ

2024 жылғы 15 желтоқсанда соңғы уақытта түрлі қылмыстық оқиғалар, бандылардың әрекеттері арқылы аты шыққан Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді.

Жуырда Талғар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған еді.