26 қараша күні Түркияның ірі әуежайларында төлқұжаттық бақылау жүйесінде күрделі ақау болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Келеңсіздіктер жолаушылардың құжаттарын тексеруге арналған POLNET жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған.
Бұл олқылық Ыстамбұл мен Анталия әуежайларында рейстердің жаппай кешігуіне себеп болды. Түркиялық Havahaber басылымының хабарлауынша, жолаушылар төлқұжаттық бақылаудан өте алмады – бұл күту залдарында ұзын-сонар кезектердің пайда болуына әкелді.
Күту уақыты орташа есеппен 30-40 минутқа дейін созылды, ал кейбір жағдайларда кешігулер бір сағатқа жетті.
Дегенмен жүйедегі ақау тез арада түзетіліп, жолаушылар тасымалы біртіндеп қалпына келтірілді.