×
$
455.86
528.84
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.86
528.84
5.25

Астана әуежайы 36 млрд теңге шығынға батты

Бүгін, 13:55
Астана әуежайы 36 млрд теңге шығынға батты
inbusiness.kz

Астана халықаралық әуежайы 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады. Жыл соңында әуежайдың жалпы өтелмеген шығыны 36 млрд теңгеге жетті. Осыған байланысты Астана әкімдігі дағдарысқа қарсы бағдарлама іске қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрсеткіштер

Жалпы кірісі 4 млрд теңге болғанына қарамастан, әуежай жылды айтарлықтай шығынмен аяқтаған. Алдыңғы жылдардан жинақталған шығын көлемі де артып келеді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында әуежайдың қаржылық жағдайына бірнеше фактор әсер етті. Олардың қатарында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты күндізгі шектеулер, авиациялық отын бағасының өсуі және Таяу Шығыстағы ахуал бар. Кейінгі фактордың салдарынан шамамен 1 100 халықаралық рейс тоқтатылған.

Жолаушылар саны артқан

Соған қарамастан, әуежайдың операциялық көрсеткіштері өсіп келеді. 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында әуежай 5,4 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,3%-ға көп.

Ішкі рейстер саны 2%-ға өсіп, 25 мыңға жетсе, халықаралық рейстер 3%-ға артып, 12,4 мың болды. Жүк тасымалының көлемі бірден 20%-ға өсіп, 8,9 мың тоннаға жеткен.

Бірінші жартыжылдықта авиацияға қатысы жоқ кірістер де 24%-ға артып, 7,2 млрд теңге болды.

Қандай шара қолданылады?

Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында қызметтердің нақты өзіндік құнын ескере отырып, тарифтерді қайта қарау, шығындарды азайту және коммерциялық бағыттарды дамыту көзделген.

Астана әкімдігі мен әуежай басшылығы кәсіпорынды шығынсыз жұмыс істейтін деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.