×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Пәкістандағы қақтығыс: мыңдаған адам ереуілге шығып, 6 адам қаза тапты

27.11.2024, 01:30
Пәкістандағы қақтығыс: мыңдаған адам ереуілге шығып, 6 адам қаза тапты
Ашық дереккөзден

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның жақтастары ел астанасының орталығына басып кіріп, қақтығыс кезінде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның түрмеден босатылуын талап еткен жақтастары полициямен қақтығысып, Исламабад орталығына билік орнатқан тосқауылдарды бұзып өтті. Екі тараптан кем дегенде алты адам қаза тапқаны хабарланды.

BBC тілшілерінің мәліметінше, ереуілден кейін көп ұзамай полиция мен сарбаздар наразылық білдірушілерді таратып, оларды орталық аудандардан ығыстырып үлгерген.

«Исламабадтағы шиеленіс түн батқан сайын жалғасуда, Имран Ханның партиясы ПТИ жақтастары көрші аудандарда қайта топтасып, әзірше қақтығыстардан аяғын тартып жүрген сияқты», – деп хабарлайды BBC тілшісі Фархат Джавед.

Ал Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф шерушілер көліктерімен төрт сарбазды басып өлтіргенін айтты.

ПТИ өкілі Зулфикар Бухаридің айтуынша, наразылық білдірушілер тарапынан екі адам қаза тауып, 30 адам жараланған. Бұхаридің айтуынша, қаза тапқандардың біріне оқ тиген, екіншісін көлік басып өткен.

Тараптардың бұл мәлімдемелерінің анық-қанығына жету әзірге қиынға соғып тұр.