Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті. Ол отандық сериалдарға түскен актер екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Polisia.kz хабарлауынша, тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленген.
Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты мекенжайы анықталған. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде оған тосқауыл қойылған.
Тергеу барысында күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскені белгілі болған. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.