×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Жақсылық Омар Өскемен әкімі қызметінен кетті

27.11.2024, 18:00
Жақсылық Омар Өскемен әкімі қызметінен кетті
Коллаж Ulysmedia.kz

Жақсылық Омар Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суыға тоңып шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымымдағы қызметім, тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар – Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңізге ризашылығымды айтқым келеді” деді ол.

Ол бұл қызметті 2018 жылғы тамыздан бері атқарған.

Оның алдында әр жылдары Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.