×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Астанада оқушы қыздың әкесі мектепте орамал тағу тыйымын жоюды талап етіп, сотқа жүгінді

Бүгін, 19:16
Астанада оқушы қыздың әкесі мектепте орамал тағу тыйымын жоюды талап етіп, сотқа жүгінді
скриншот

Іс Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соттың хабарлауынша, арызбен жүгінген азамат бұл талап баланың құқығына нұқсан келтіреді деп санайды. Ол министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында бас киім киюге тыйым салынбаған деп көрсеткен. Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның әкесі «мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді» деп көзделген талапты заңсыз деп тануды сұраған.

– Талап қоюшы «шаш пен мойынды жабатын бас орамалын» діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген. Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, келесі қорытындыға келді: «Білім туралы» заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді. Бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент. Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді, – делінген сот хабарламасында.

Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударған. Сот қағидалардың 16-тармағының 2-ші тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.