×
499.51
525.83
4.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.51
525.83
4.62

АҚШ-тағы сарапшы: Қытай – Қазақстанның «саяси қолшатыры»

Бүгін, 15:21
АҚШ-тағы сарапшы: Қытай – Қазақстанның «саяси қолшатыры»
Ulysmedia коллажы

Саясаттанушы, Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері, Дэвис орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының жетекшісі Наргис Касенова Қытай қазіргі геосаяси жағдайларда және тәуекелдерде Қазақстан үшін "саяси қолшатыр" ретінде әрекет етеді деп санайды. Ол Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында осылай деді.

Саясаттанушының пікірінше, Қазақстанға визаның күшін жоя отырып, Қазақстанға келетін ҚХР азаматтарының көбеюінен қорықпау керек.

– Жоқ (қорықпаңыз) егер бұл туристер мен бизнесмендер болса, олар заңсыз мигранттар емес. Бізде көп орын, көптеген мүмкіндік бар, қытай қауымдастығы әрқашан жоғары еңбекқорлығымен, бизнес бастамасымен ерекшеленеді, – деді ол.

Сарапшының пікірінше, ксенофобия ресейлік үгіт-насихат салдарынан Қазақстанда белең алуы мүмкін деп есептейді.

– Ресейлік трольдер де ұйықтамайды, олар үшін синофобия, "Қытайдан қорқамыз" дегенді тарату пайдалы. Олардың осы ойы іске асса, біз Ресейге жақындай түсер едік. Қазір мұндай жағдайда Қытай бізге саяси қолшатыр бола алады, өйткені Қытай Орталық Азияға аса қатты мән бермейді, бірақ Ресейдің ол аймаққа қатты араласқаны да оларға пайдалы емес. Қытайдың Тәуелсіз Қазақстанмен, Қырғызстанмен қарым-қатынасы әлдеқайда жақсы", – деп есептейді Қасенова.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.