×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Сот Көкшетауда Путинге қарсы акция өткізген белсенділерге қатысты шешім шығарды

29.11.2024, 15:14
Сот Көкшетауда Путинге қарсы акция өткізген белсенділерге қатысты шешім шығарды
#NotTerrorists парақшасынан

Көкшетаудың үш тұрғыны – Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев пен Уәлихан Нығметов Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келген кезде акция өткізгені үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ШЕШІМІ

Сот оларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) және әрқайсысына 74 000 теңгені құрайтын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.

КӨКШЕТАУДАҒЫ ҚАРСЫЛЫҚ

Астанаға Ресей президенті Владимир Путин келген кезде Көкшетауда белсенділер Қазақстан мен Украинаның туын алып шығып, наразылық білдірген еді.Олар Путиннің кетуін талап етіп, балағат сөз жазылған плакатпен шыққан. Ақпарат әлеуметтік желіге тарап кетті. "Белсенділер экстремист емес тобындағы” ақпаратқа қарағанда, полиция Қазақстан мен Украина туын көтерген азаматтық белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Уәлихан Нығметовті ұстаған. Сәлден соң босатқан.

Ұсталған азаматтардың үстінен "ұсақ бұзақылық жасады" және "балағат сөз айтты" деген әкімшілік кодекстің баптары бойынша іс қозғалған. 

ПУТИННІҢ САПАРЫ

Кеше Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алған еді. Екі елдің басшысы келіссөз жүргізіп, бірқатар құжатқа қол қойған.