×
$
443.62
€
492.24
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.62
€
492.24
₽
5.36

Путин Трамп үшін Украинаға қатысты ұстанымын уақытша өзгертуі мүмкін

Бүгін, 12:01
Путин Трамп үшін Украинаға қатысты ұстанымын уақытша өзгертуі мүмкін
Ulysmedia коллажы

Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамппен қарым-қатынасын сақтап қалу үшін аумақ бойынша мәселеде Украинаға қатысты ұстанымын жұмсартуы мүмкін. Мұндай болжамды саясаттанушы Аркадий Дубнов айтты. Ол Абу-Дабидегі келіссөздерден кейін Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединскийдің сөзіне назар аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Мән-жай

Кездесуден кейін Владимир Мединский:

– Жеріміздің әрбір сүйемін қайтарып аламыз. Қалай болғанда да, – деді.

Аркадий Дубновтың назарын Мединский мәлімдемесінің соңғы үш сөзі аударған. Саясаттанушының пікірінше, Путин көмекшісінің осындай кесімді мәлімдемесі Мәскеудің уақытша ымыраға келуге дайын екенін аңғартуы мүмкін.

– Бұл мәлімдеме Путиннің бүгінде Трамптың қысымымен немесе өтініші бойынша, оған саяси жетістіктер ауадай қажет болғандықтан, аумақтық мәселеде уақытша шегінуге дайын екенін білдіруі мүмкін. Өйткені Трамппен қарым-қатынас, ол қанша жерден «ақсақ үйрек» болса да, алдағы жылдары Ресей үшін өте маңызды. Ал кейін бұрынғы ұстанымына оралуына болады, – деп пайымдады сарапшы.

Контекст

Еске салайық, Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің консультациясы 10-11 қарашада Абу-Дабиде өтті. Келіссөздерден кейін америкалық келіссөз жүргізушілер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Кремльде Владимир Путинмен кездесті. Кейін олар келіссөздердің қорытындысын Украина президенті Владимир Зеленскийге жеткізді.

Сізге қызық болуы мүмкін