×
513
541.16
4.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513
541.16
4.69

Дүкенге соғылған автобус: кісі өліміне себеп болған продюсер 2,5 жылға ғана сотталды

Бүгін, 15:21
Дүкенге соғылған автобус: кісі өліміне себеп болған продюсер 2,5 жылға ғана сотталды
Ulysmedia коллажы

Алмалы аудандық соты продюсер Әнел Сартаеваға үкім шығарды. Ол биыл жазда көлігімен келе жатып, жол белгісін елемей, автобуспен соқтығысып, кісі өліміне себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ НЕ ДЕЙДІ

Сотта Сартаеваның көлік жүргізіп келе жатып, «жол бер» белгісін елемей, автобуспен соқтығысқаны анықталған. Соқтығыстың салдарынан автобус инерциялық жолмен бағдаршамға соғылып, одан кейін жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, дүкен ғимаратына соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жолаушысы жедел медициналық жәрдем келгенше көз жұмған.

САРТАЕВА КІНӘСІН МОЙЫНДАҒАН

Сотта сотталушы Сартаева өз кінәсін толық мойындады. Ісіне өкініп, жас баласы бар болғандықтан, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Зардап шеккен тарап, қайтыс болған жолаушының ұлы сотта сотталушы кешіріп, оған ешқандай талап қоймаған. Прокурор соттан сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған.

ҮКІМ

Сот үкімімен Сартаева 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 5 жыл мерзімге көлік жүргізе алмайтын болды. ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі негізінде үкімді орындау 3 жылға, баласының жасы 3 жас 9 айға толғанға дейінгі мерзімге шегерілген.

АВТОБУС АПАТЫ

Маусым айында Алматыда Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан. Автобус соққы инерциясымен алкомаркетке соғылған. Автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шеккен. Кейін жол апатына кінәлі Kia көлігінің жүргізушісі "5:32", "Эскорт" және басқа да танымал сериалдардың продюсері Анель Сартаева екені белгілі болды.

Күдікті бастабында қамауға алынып, артынша үйқамаққа жіберілген.