×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

«Дабыл қағуға мәжбүрмін»: Ербаянның адвокаты тергеуге күмән күшейгенін мәлімдеді

29.11.2024, 15:36
«Дабыл қағуға мәжбүрмін»: Ербаянның адвокаты тергеуге күмән күшейгенін мәлімдеді
Ulysmedia коллажы

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай тергеу органдарына тағы да күмән білдіріп, оны немен негіздейтінін әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕГЕ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

– Дабыл қағуға мәжбүрмін. Достар, Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. Бірнеше күннен бері Сіздерге айтар жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді, – деп жазды Инга Иманбай.

Адвокат осы себепті жағдайды осы жерге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етті.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.