×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

529 теңге! Қазақстанда доллар әлі де қымбаттап барады

Бүгін, 13:06
529 теңге! Қазақстанда доллар әлі де қымбаттап барады
Ulysmedia коллажы

Өткен аптадағы шетел валютасына деген "сұраныс дүмпуінен кейін" доллар ақша айырбастау пункттерінде сәл арзандай бастаған. Алайда түске жақын шетел валютасы тағы қымбаттай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша Алматыда долларды 519,54 теңгеге сатып, 515,74 теңгеден сатып алуға болады. Десе де, банк қосымшаларында шетел валютасы қымбатырақ сатылатынын атап өту керек. 30 қарашада Астана айырбастаушыларында доллар 523,00 теңгеге сатылып, 513,01 теңгеге сатып алынған. Алматының айырбастау пункттерінде сатуға арналған доллар бағамы 520,00 теңгені, сатып алуға 514,61 теңгені құраған. 

Алайда сәл уақыттан кейін басқа сандар көрінді. Ал 12:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату долларының орташа бағамы мынадай болды:

Астана: сатып алу – 518 теңге, сату – 526 теңге;
Алматы: сатып алу – 523 теңге, сату – 529 теңге;
Ақтау: сатып алу – 513 теңге, сату – 519 теңге;
Ақтөбе: сатып алу – 520,5 теңге, сату – 529,5 теңге;
Қостанай: сатып алу – 522 теңге, сату – 528 теңге;
Павлодар: сатып алу – 518 теңге, сату – 527 теңге;
Семей: сатып алу – 514 теңге, сату – 527 теңге;
Талдықорған: сатып алу – 520 теңге, сату – 527 теңге;
Шымкент: сатып алу – 524 теңге, сату – 529 теңге.

Ұлттық банк бүгін доллардың құны 511 теңге деп хабарлады.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.