×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Қазақстанға дефолт қаупі төне ме: Байбазаров теңгенің құбылып тұрғанына пікір білдірді

Бүгін, 15:49
Қазақстанға дефолт қаупі төне ме: Байбазаров теңгенің құбылып тұрғанына пікір білдірді
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстандағы доллар курсының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Мұнда дефолт туралы айту орынсыз. Импорт келетін болсақ, құрылыс материалдары мен әртүрлі жабдықтарға тәуелділік бар. Бұл бағытта белсенді жұмыс жалғасуда, негізгі тауарлар бойынша импортқа тәуелділікті төмендету жобаларын жүзеге асырудамыз. Теңгерімдер әрқашан болады және жалғасады», - деді министр.

ОРТАША ЖЫЛДЫҚ КУРС

«Біз доллар үшін орташа 470 теңге мөлшерін белгілеп қойдық. Қазіргі уақытта қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз. Орташа жылдық курс 12 айдың барлығын ескере отырып қалыптасады. Валюта курсының динамикасын бақылап отырамыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министр Нұрлан Байбазаров доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі болжанғанын мәлімдеген болатын.

«Валюта курсы, түсінікті. Бізде нарықтық бағалау бар. Біз қазір… Орташа жылдық болжам 460 теңге болды. Біз қазір осы дәлізде тұрмыз. Яғни, курс бір күні – 470 теңге, кейін – 490 теңге, 500 теңгеге дейін көтерілді, қазір қайтадан төмендеп жатыр», – деді Байбазаров.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашада Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 525 теңгеге сатыла бастады. Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 524,58 теңгені құрады. АҚШ валютасы айырбас пункттерінде 523-529,5 теңгеден сатылып жатыр.