Аягөз гарнизонында әскери ант қабылдау кезінде сарбаз есінен танып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жігіттің кенет есінен танып қалғанын, әріптестерінің оны ұстап алып, есін жиюға көмектеспек болғанын көруге болады.
Аягөз гарнизоны оқиғаның әскери ант қабылдау кезінде болғанын растады.
САРБАЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҚАЛАЙ
Медициналық тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметкердің денсаулығына қатты қобалжу себеп болғаны анықталды. Сарбаздың денсаулығы жақсы, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, қауіп-қатер жоқ. Медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілді, – делінген Аягөз гарнизонының хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай тергеу органдарына тағы да күмән білдірген болатын.