×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

НАТО Украинаға көмек мәселесін қарастырады, алайда Киевтің қалауын кейінге қалдырып отыр

03.12.2024, 11:27
НАТО Украинаға көмек мәселесін қарастырады, алайда Киевтің қалауын кейінге қалдырып отыр
centr.tv

НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрі Украинаға әскери көмек көрсету мәселесін талқылау үшін жиналады. Бұл ретте альянс мүше болу туралы мәселе күн тәртібінде жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрлер саммиті 3-4 желтоқсан күндері Брюссельде өтеді. Кездесу барысында қатысушилар қазіргі жағдайды талқылап, Украинаның өзін-өзі қорғау құқығына қолдау білдіреді деп күтілуде. Сондай-ақ, Ресейдің жаулық әрекеттері НАТО-ның Украинаға көмектесуді және өз қорғанысын нығайтуды жалғастыруына кедергі болмайтыны расталады. Алайда Киев белсенді түрде көтеріп жүрген НАТО-ға мүше болу мәселесі бұл жолы талқыланбайды, деп жазады DW .

Альянс ішінде Украинины мүше болуына қатысты ортақ пікір жоқ екені атап өтілді. Бірақ бұл мәселені Украина өкілдері НАТО-Украина кеңесінің отырысында көтеруі мүмкін.

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига үшін бұл кездесу өзінің елін НАТО-да өкілдік ететін алғашқы шарасы болмақ. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте де мұндай жиынға алғаш рет қатысады. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен үшін бұл соңғы саммит болады, себебі келесі кездесу АҚШ-тағы әкімшілік ауысқаннан кейін өтеді.

Бұған дейін НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей басып алған украин жерлерін уақытша беру арқылы соғысты аяқтау нұсқасын ұсынған еді.

ӘСКЕРИ ШЫҒЫН

Бұған дейін Зеленский ұзақ уақыттан кейін әскери шығын жайлы сұраққа жауап берген.

Украина президенті Владимир Зеленский сұхбатында Ресейдің толық ауқымды шабуылы басталғалы бері соғыста 80 мың украин әскері емес, одан әлдеқайда аз қаза тапқанын мәлімдеген.