×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Спорттағы жемқорлық: «Каспий» ФК-ның экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

04.12.2024, 10:25
Спорттағы жемқорлық: «Каспий» ФК-ның экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
instagram.com/caspiy_fc

"Каспий" футбол клубында 27 млн теңге жымқыру, куәгерге қысым жасау фактілері анықталды. Күдікті –  клубтың бұрынғы басшысы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Каспий" футбол клубының оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғанын анықтады.

Осы фактіні тергеу барысында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс ҰҚКД-мен бірлесіп клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысын тарта отырып, күш қолданып, клуб қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегенін анықтады, – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

2024 жылдың 3 желтоқсанында клубтың бұрынғы басшысы, сондай-ақ "К" және "О" деген азамат қамауға алынған. Істің егжей-тегжейі толық айтылмайды.