Оқу-ағарту вице-министрі Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕДІ
Вице-министр Еділ Оспанның айтуынша, аталмыш ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді.
Бұл ұсыныс ретінде айтылды. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі өте маңызды деп есептейміз. Мұны біз бірнеше рет айтқанбыз. Әрине, ата-аналар барлық уақытта балаларының жанында болуы қажет. Дегенмен, бұл ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді. Ата-аналар қауымының да, мемлекеттік органдардың да пікірін ескеру қажет, – деді вице-министр.
ТАЛҚЫЛАУ
Вице-министрдің айтуынша, егер ұсыныс заң жобасы түрінде рәсімделсе, бірден талқылаулар басталады.
Жауапкершілікке келетін болсақ, бұл қоғам мен құзырлы мемлекеттік органдардың пікірі ескеріліп, талқылау барысында белгілі болады, – деді Еділ Оспан.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда мұғалім оқушыны TikTok-қа видео түсіргені үшін ұрған болатын.