Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қазақстандықтарға бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметкерлердің декларацияларына неге қолжетімділік берілмейтінін түсіндіре алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТРЛІК АҚПАРАТТЫ БАҚЫЛАУЫ КЕРЕК ПЕ
Журналистер ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрінен жаңа ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы не көздейтінін және онда ақпаратты бақылауға қатысты нормалар бар-жоғын сұрады.
Айзада Құрманова бұл сұраққа жауап бере отырып, заң жобасына сәйкес, реттеу нысаны мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды орындайтын органдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері екенін айтты.
«Сондай-ақ мемлекеттік органдар шектеуге құқығы жоқ ақпараттар тізімі бар. Мысалы, бұл халықтың денсаулығына, бюджет қаражатын жұмсауға, бюджетті жоспарлауға қатысты ақпараттар. Қоғамдық маңызы бар барлық мәселелер автоматты түрде ашық болуға тиіс. Бұл тізім нақты регламенттелген», – деді вице-министр.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫНА НЕГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖОҚ
Журналистер вице-министрден неге қолжетімді ақпараттар тізіміне мемлекеттік қызметкерлердің кірістері туралы деректер кірмейтінін сұрады. Бұл сұраққа Айзада Құрманова жауап бере алмады. Алайда, оны ертіп жүрген адамның айтуынша, бұл дербес ақпарат болып саналады және жариялауға жатпайды.
Жуырда 2025 жылы декларация тапсыруға тиіс 8 миллион адамды қаржы министрі декларация ұсынудан босатуды ұсынған. Олардың ішіне студенттер, үй шаруашылығындағы азаматтар, зейнеткерлер және басқа да азаматтар кіреді. Тәкиевтің айтуынша, бұл жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына әсер етеді.
Осыған байланысты қаржы вице-министрі Ержан Біржанов міндетті декларацияға ілікпейтін 8 млн адамның Kaspi-аударымдарды бақылана ма деген сауалға жауап берген.