×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген тұрғынның жағдайы белгілі болды

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген тұрғынның жағдайы белгілі болды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Ал Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды.

ӨҢІР ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСКІСІ КЕЛГЕН

Ер адам 5 желтоқсанда Маңғыстау облыстық әкімдігіне барып, өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған.

Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген. Содан соң оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Алайда оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген еді.

Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің көмегімен өрт сөндіріліп, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.