×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Екі жақ та көнбейді: Instagram-ға қазақ әндерін қайтару мүмкін болмай тұр

06.12.2024, 14:35
Екі жақ та көнбейді: Instagram-ға қазақ әндерін қайтару мүмкін болмай тұр
Ulysmedia коллажы

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Instagram-нан қазақ әндерінің жойылып кету мәселесі неге әлі шешілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

Жақселекова Мeta музыка авторларымен авторлық құқықты басқаратын ұйымдар арқылы ынтымақтасатынын айтады. Қазақстанда мұндай ұйым Meta-мен келісімшартты ұзарту шартын келісе алмаған. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.

Әділет министрлігі мәселені реттеуге тырысқан, бірақ бұл азаматтық-құқықтық қатынастар саналады, яғни тараптар құпиялылықты сақтауы тиіс.

Жақселекованың айтуынша, қазақстандық ұйымдардың бірі қатаң ұстанымға ие, ал Meta жеңілдіктер жасауға дайын емес.

– Өкінішке қарай, біз де мәселені әлі реттей алмай отырмыз. Авторлық құқыққа жауапты біреуінің өтемақы жағынан қатаң талабы бар, ол көнбей отыр. Екіншіден, Meta да белгілі бір шарттар бойынша кері шегінбейді, - деп түсіндірді ол.

Вице-министр Қазақстанда осындай 15 ұйым бар екенін, бұл келіссөздерді қиындататынын айтты. Салыстыру үшін, басқа елдерде әдетте осындай тек 1-2 құрылым жұмыс істейді. 

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Алматыда «Қазақстан авторлық қоғамы" РҚБ Instagram желісінен қазақстандық әртістердің әндері жоғалып кетуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген. "Қазақстан авторлық қоғамы" Мета компаниясымен 2022 жылы жасалған келісімшарт мерзімі аяқталғанын, оны созу кезінде қазақстандық авторларға роялити төлеу мәселесі бойынша ортақ келісімге келе алмағанын айтады.