Алматыда жұма намазы кезінде бірнеше ондаған ер адам өткелді жауып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Желіде жолдың ортасында намаз оқып жатқан ер адамдардың видеосы тарап, қолданушылар бұл жайтқа әртүрлі реакция білдірді. Оқиға Орталық мешіттің жанында болған.
ТЕКСЕРУ
Оңтүстік астананың полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзуға жатады және ӘҚБтК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай фактілерге жол берілмейді, олардың жолы кесіледі», делінген хабарламада.