×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Оңтүстік Кореяның биліктегі партиясы президентке импичмент жариялаудан бас тартты

07.12.2024, 16:46
Оңтүстік Кореяның биліктегі партиясы президентке импичмент жариялаудан бас тартты
yna.co.kr

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау бойынша дауыс беруді бастады. Биліктегі "Халық билігі" партиясы түгелге жуық дерлік наразылық ретінде дауыс беруден шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Импичмент туралы заң жобасын қабылдау үшін оған депутаттардың үштен екісі дауыс беруі керек – 300 адамның 200-і оппозициялық партиялар 192 орынды иеленсе, 108 орын Президенттік «Халық билігі» партиясына тиесілі. Аталған партия депутаттарының үшеуінен басқасы заң жобасына дауыс беруден бас тартып, наразылық ретінде отырыс залынан шығып кетті.

Ұлттық ассамблея спикері У Вон Сик партиялық заң шығарушыларды сессияға оралып, импичмент туралы ұсынысқа дауыс беруге шақырды.

«Сіздер дауыс берулеріңіз керек, бұл патриоттың, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының және халықтың мүддесін жақтайтын институт мүшесінің міндеті», деді ол.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қоғамда наразылық тудырған әскери жағдай енгізілгені үшін ел халқынан кешірім сұрады.

Сондай-ақ бұған дейін Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізілетінін айтқан. Бұл шешім, ол түсіндіргендей, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін «мемлекетке қарсы күштермен» күресуге бағытталған.

Дегенмен көп ұзамай Оңтүстік Корея астанасы Сеулде төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты қақтығыс болып, артынша республика парламенті төтенше жағдайды алып тастады.

Ал Оңтүстік Кореядағы жағдайға байланысты Қазақстан елшілігі азаматтарға үндеу жолдап, отандастарымызды сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырды.

Ал 4 желтоқсан күні Сеул мен басқа да қалаларда таңертең президенттің отставкаға кетуін талап еткен демонстрациялар қайта жалғасты.