Алматы облысындағы республикалық тас жолдың бір бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдың «Алма-Тау туристік орталығына кіру» учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. 0-15 км (Тұздыбастау ауылының учаскесі – Бесқайнар ауылы)», - делінген хабарламада.
Жол қозғалысының қайта қалпына келтірілуі 9 желтоқсан күнгі сағат 7.00-ге жоспарланған.
Еске сала кетсек, кеше «Қазгидромет» РМК елдің шығыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен шығыста да қар жауып, көктайғақ болатынын хабарлаған.