×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Нығматулин БЖЗҚ бастығына: Мекемені қалай басқарып жүрсің

15.12.2021, 09:24
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрмановты қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс отырысы барысында депутаттар БЖЗҚ басшысына сұрақ қойған. Алайда қазақ тіліне шорқақ мекеме басшысы жөнді жауап бере алмады.

«Мен енді түсіндім: бір айдың ішінде халықтың алдына шығып, неге көп сұраққа жауап бере алмағандарыңды! Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жолды іздеп жүресіз. Депутат тікелей сұрады ғой. Екі мәселе шешу керек ол үшін. Біздің заң, сіздердің бұйрықтарыңыз бойынша! Қалай басқарып жүрсіз? Соны білмейсіз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин Жанат Құрмановтың «аузын жауып, үш апта бойы халыққа зейнетақының жеткілікті деңгейінің мән-жайын түсіндіре алмағанын» сынады.

«Оған қоса мұндағы заңға сілтедіңіз. Жанат мырза, мұнда келгенде дайындалу керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары