Жоғарғы соттың мәліметінше, Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот кеңсесі Мажағұлов Болат Бауыржанұлы мен Қанапин Мәди Серікұлына қатысты алғашқы сот отырысы болғанын хабарлады.
Болат Мажағұлов пен Қанапиннің үстінен қозғалған іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айып тағылды.
Мажағұловтың қорғаушысы бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу туралы міндеттемеге ауыстыруды сұраған.
Прокурор мен басқа сотталушының адвокаты өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сонымен қатар Болат Мажағұлов тергеу барысында қашуға әрекеттенген, беттестіруге келмеген, шетелге ұшып кететін билеттері болған.
Айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін Мажағұлов та, Қанапин де өз кінәсін мойындамады.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталғанын жазған едік.