Синоптиктер аяз сынып, ауа температурасы біршама жоғарылайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктер дерегінше, аптаның басында Солтүстік циклон жырасы республиканың көп бөлігінде ауа - райының тұрақсыз сипатын анықтайды: қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
“Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 аязға дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін” делінген хабарламада.
Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде. -10-12 °C суық.
Алматыда күн алабұлтты. Ауа температурасы -5-7 °C .
Шымкентте көшпелі бұлт тұрады, ауа температурасы 0,-2 °C.