Бір жылда жаңа тұрғын үйлердің және қолданыстағы пәтерлердің бағасы 3,4%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 7% жоғарылады. Мұндай деректерді статистика бюросы мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе қаласында – 11%, Көкшетау қаласында – 10,1%, Тараз қаласында 10% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау (16,7%), Астана, Көкшетау қалалары (9,8%-дан), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Орал (24,2%), Шымкент (24,1%), Талдықорған (20,8%) және Петропавл қалалары (20,5%).
МӘМІЛЕ
2024 жылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 421 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 165 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 31 256 мәміле жасалды. 2024 жылдың қазанымен салыстырғанда (39 143) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 533 – 19,1%) және Астана (6 968 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 995 – 7,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 491 мәміле (1,2%).
2024 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада ең көп өсім Павлодар (+18,5%), Түркістан (+15,9%) және Алматы (+15,2%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Абай (-20,0%), Қызылорда (-16,1%) және Шығыс Қазақстан (-12,5%) облыстарында болды.
Бұған дейін "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша таза әрлеудегі пәтерлерге алғашқы жарна көлемі төмендетіліп, минимал депозит мөлшері артқалы отырғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Үкіметтің баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова "Отбасы банк" ТОП-менеджерлеріне сыйақы немесе бонус ретінде ақы беру үшін қанша қаражат бөлінеді” деген сұраққа жауап берген.