×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

«Шу көтеріп жатырсыздар»: Ринат Зайытов Талғардағы резонанс себебін тілшілер мен блогердерден көрді

11.12.2024, 12:54
«Шу көтеріп жатырсыздар»: Ринат Зайытов Талғардағы резонанс себебін тілшілер мен блогердерден көрді
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутатының айтуынша, Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай тұрмыстық қылмыстарға журналистер мен блогерлер мән бермейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗАЙЫТОВ НЕ ДЕЙДІ

Журналистер Мәжіліс кулуарында Ринат Зайытовтан баласы, бауырынан айырылған, үйі өртенген отбасыға осындай шара қабылдау қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз деп сұраған. 

– Бір жағынан дұрыс айтасыз, иә қара жамылып отыр. Бірақ бұл қылмыстың айналасында сіздердің барлықтарыңыз шу көтеріп жатырсыздар. Блогері бар, сіздер бар. Бүкіл Қазақстан бойынша ондай тұрмыстық қылмыстар бойынша толыққанды ақпаратты беріп жатқан жоқсыздар ғой. Мақаншыда, Үржарда ондай жағдайлар болып жатыр. Мүлде айтып жатқан жоқсыздар ол туралы. Соның кеселі деп ойлаймын, – деп қысқа қайырды Ринат Зайытов.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.