Бұл жайтты Мәжілісте депутат Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ
Бақытжан Базарбек Жоғары аудиторлық палатаның субсидия саласына жүргізген аудиттің қорытындысын талқылаған кезде миға сыймайтын заңсыздықтарын бетін ашты. Оның сөзінше, субсидия жымқыру тәсілдерінің шектен шыққан сонша, 1299 айлық ірі қараға субсидия төлеу фактісі анықталған. Бақытжан Базарбек келтірген дерек оңтүстік өңірлердің бірінде тіркелгенін айтты.
– Бұл 108 жыл деген сөз. 1917 жылдың наурызында туған мал деп келтірген. Басқаша айтсақ, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын туған сиырға субсидия берген, - деген депутат Бақытжан Базарбек.
СМАЙЫЛОВ РАСТАДЫ
Отырыстан шыққан жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов депутат келтірген деректерді растады. Сөзінше, бұл факт аудит кезінде анықталған.
– Ондай фактілер шынымен де бар. Аудиторлық қорытындыны деректерінен алынып отыр. Кейбір ауылшаруашылық құрылымдар тиісті мөлшерден жоғары көлемде субсидия алғаны туралы фактілер кездесті. Бір іс-шараға екі мәрте субсидия алу деректері кездеседі. Өкінішке қарай, бұл фактілердің бәрі ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың талапқа сай болмай тұруымен байланысты, - деді ол.
СУБСИДИЯ ЖАЙЛЫ
5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр.
Смайыловтың мәліметінше, 5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр дейді ол. Сөзінше, жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құраған. Бюджетке 2 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілген. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.