×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Шерзат Болаттың өлімі: ІІМ тергеу жайлы мәлімет берді

11.12.2024, 14:28
Шерзат Болаттың өлімі: ІІМ тергеу жайлы мәлімет берді
ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болат және ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтің өлімі бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘДІЛОВ НЕ ДЕЙДІ

Оның айтуынша, Талғардағы кісі өлтіру фактісі бойынша жыл соңына дейін қылмыстық іс жүргізіліп болады. Қылмыстық істің материалдары танысу үшін ұсынылады. 

– Тергеу аяқталу сатысында. Жыл соңына дейін біз барлық сараптаманы алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады. Оларға қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз, – дейді ол.

Нұрқанат Ғайыпбаевтің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Кеше сот-медициналық сараптаманың нәтижелері жұртшылыққа алдын ала жеткізілді. Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Заңда тергеуге екі ай көзделген, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Ұсынылуы мүмкін барлық нұсқалар, соның ішінде марқұмның туыстары да қаралады, процессуалдық шешім қабылданып, толық көлемде тексеріледі, - деді Әділов.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.