Бұл сұрақ журналист, блогердің оқырмандарын алаңдатып қойды. Өйткені ол полиция басқармасына барғаннан кейін бірнеше күн желіге шықпай кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Жан Ахмедиев Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыповтың жанасазына барғалы жатқанда өзіне полиция қызметкерлері келгенін мәлім еткен. Желіде жариялаған видеосында журналистен полиция қызметкері “Талғарға бара жатсыз ба” деп сұрайды. Ары қарай журналист полиция басқармасына кіріп бара жатқанын көрсеткен.
Содан бері журналист әлеуметтік желіге шықпаған. Оның оқырмандары бұған алаңдаушылық білдіре бастаған. Полиция барғаннан кейін не болғанын түсінбеген жұрт арасында оны “қамап тастапты” деген әңгімелер де тараған.
ЖУРНАЛИСТ БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Алайда үшінші күн дегенде журналист инстаграмдағы сториске шығып, ем қабылдап жатқанын жеткізді.
“Мені іздеп жатқандарыңызды білемін. Менде бәрі жақсы, Ем қабылдап жатырмын. Ертең Алла қаласы шығамын” деп жазған журналист өзіне дәрі тамызып жатқан сәттің бейнесін қоса бөлісті
Жан Ахмадиев қоғамдық-саяси тақырыптарға үн қосып контент түсіріп жүрген журналист. Өзінің көп-көрім аудиториясы бар. Түрлі желілерге жүктеген видеолары ондаған мыңнан миллиондаған қаралымға дейін жинап жатады. Журналистік қызметінен бөлек рэп орындап, өнермен айналысатын да қыры бар. Рэп туындыларында да қоғамның түйіткілді мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармашылығына көзқарас әртүрлі.