×
522.91
548.85
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.91
548.85
5.05

Қол астында істеген әкім ұсталған: Марат Сұлтанғазиев отставкаға кете ме

Бүгін, 12:30
Қол астында істеген әкім ұсталған: Марат Сұлтанғазиев отставкаға кете ме
Ulysmedia коллажы

Бұл сұрақ орталық коммуникациялар алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ

– Біріншіден, іс әлі жүргізіліп жатыр. Сотқа берілген жоқ. Екіншіден, аудан әкімі ұсталған кезде өз лауазымын босатқан болатын. Өйткені оның уақыты өтті. Алты жыл басқарды. Үшіншіден, айып тағылып жатқан жағдай ол 2017-2021 жылғы басталған жұмыс еді, – дейді Марат Сұлтанғазиев.

ЭКС-ӘКІМ

Іле ауданының бұрынғы басшысы Бағдат Қарасаев 4 қыркүйекте аймаққа 204 млн теңгеге залал келтіріп, басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық схемаға тартты деген күдікке ілінген.

ӘКІМ НЕ ҮШІН КҮДІККЕ ІЛІНДІ  

Бағдат Қарасаев өзіне аффилиирленген компаниясына қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген. Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша тергеліп жатыр.Бекайдаровтың айтуынша, қылмыстық схемаға Қарасаев аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартқан.