×
522.91
548.85
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.91
548.85
5.05

Ресейлік "тыңшылық желі" Қазақстанға қарсы әрекеттер жоспарлаған

Бүгін, 17:18
Ресейлік "тыңшылық желі" Қазақстанға қарсы әрекеттер жоспарлаған
Metropolitan Police/PA

Ресейлік тыңшылар Қазақстанға қарсы дезинформациялық науқан ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл туралы сотта хабарланды, деп жазады Ulysmedia.kz порталы telegraph.co.uk сайтына сілтеме жасам.

Басылым хабарлағандай, Орлин Русев пен оның командасы Қазақстанның Лондонда орналасқан елшілігіне шошқа қаны шашуды жоспарлаған. Олар бұл әрекетті арнайы қызметтердің қолдауын алу үшін ұйымдастырмақ болған.

Сондай-ақ, Русев пен Ян Марсалек Қазақстан президентінің ұлына қатысты жалған материалдар жасау және ел ішінде адам құқықтарының бұзылуы туралы парламентте мәселе көтеру жоспарын талқылаған.

Олар Саша Барон Коэнді жалдап, Қазақстан режимін сынайтын бейнеролик түсіруді және Еуропалық Одақ көшбасшыларына ел президентіне санкция салу туралы хат жіберуді ұсынған.

Бұл науқан 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Қазақстан елшілігін бақылау және оған шабуыл жасау әрекеттерін жүзеге асыру үшін шошқа қанының қажетті консистенциясын дайындау бойынша сынақтар жүргізілгені де айтылды.

Сот жалғасып жатқаны хабарланды.